Қарағанды облысында Kia автокөлігінің алдыңғы әйнегіне бөтелке тиіп, зақым келді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында Kia автокөлігінің алдыңғы әйнегіне бөтелке тиіп, зақым келді. 16 қазанда полицияға 24 жастағы ер адам жүгініп, Астана – Алматы автожолының Балқаш пен Приозерск қалалары арасындағы учаскесінде өзіне тиесілі Kia автокөлігінің алдыңғы әйнегі зақымданғанын хабарлаған. Оның айтуынша, жолда өзімен бір бағытта келе жатқан Lada Priora автокөлігінен лақтырылған бөтелке Kia көлігінің алдыңғы әйнегіне тиіп, оны зақымдаған. Аталған дерек бойынша полицияда тиісті материал тіркелді. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі — Балқаш қаласының 34 жастағы тұрғыны анықталды. Ер адам оқиғаның өз нұсқасын баяндап, заттың көлік дөңгелегінің астынан ұшып шығуы мүмкін екенін болжаған. Сонымен қатар ол көлік терезесінен қандай да бір зат лақтырғанын жоққа шығарды. Осы факт бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды. Автокөлік айыптұраққа қойылды. Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-karaganda/press/news/details/1314282?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді