Ақтөбеде бір апта ішінде ірі көлемді қоқысты заңсыз төгуге қатысты 30-ға жуық дерек анықталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қоршаған ортаның тазалығын сақтау және осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу полицияның басты назарында.
Соңғы бір апта ішінде полиция қызметкерлері белгіленбеген орындарға ірі көлемді қоқыс тастаудың 30-ға жуық дерегін анықтады.
Анықталған деректер бойынша тиісті шаралар қабылданып, кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуда.
Полиция құрылыс қалдықтарын, ескі жиһаздарды және өзге де ірі көлемді қоқыстарды белгіленбеген орындарға тастау санитарлық талаптарды бұзатынын ескертеді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау жұмыстары жалғасуда. Полиция тұрғындарды абаттандыру қағидаларын сақтауға, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-aktobe/press/news/details/1314472?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді