
⚜️ШИЕЛІДЕ АЛҒАШ РЕТ ТӨРТ ЖОЛАҚТЫ ЖОЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін Шиелі ауданында алғаш рет төрт жолақты жол пайдалануға берілді. Аудан орталығының сәулеттік келбетін айшықтап, көлік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеретін бұл жоба – өңіріміздің дамуына қосылған маңызды үлес.
Жалпы ұзындығы 4,1 шақырымды құрайтын жоба аясында Қожа Ахмет Ясауи, Шаймерден Бәкіров және Есабыз көшелері, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынов көшесінен канал көпіріне дейінгі автомобиль жолдары қайта жаңғыртылуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмалары аясында елімізде жол инфрақұрылымын дамытуға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағыттағы жұмыстар Шиелі ауданында да жүйелі түрде жалғасып келеді.
2025–2026 жылдары аудан көлемінде жалпы ұзындығы 34 шақырым автомобиль жолын жөндеуге 5,4 млрд теңге қарастырылды. Сонымен қатар ауылдардың ішкі жолдары жөнделіп, «Шиелі – Тайқоңыр» және «Самара – Шымкент – Еңбекші» бағыттарындағы маңызды жол учаскелері жаңартылды.
Бүгінгі төрт жолақты жолдың пайдалануға берілуі – ауданымыздың инфрақұрылымын дамыту жолындағы тағы бір маңызды қадам. Бұл жоба тұрғындардың қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттырып, Шиелі кентінің заманауи келбетін қалыптастыруға оң ықпал етеді.
Жол құрылысын сапалы жүзеге асыруға үлес қосқан мердігер мекеме «УАД» ЖШС ұжымына алғысымды білдіремін.
Жолымыз ашық, қозғалысымыз қауіпсіз, ауданымыздың өркендеу жолындағы қадамы нық болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli-aqmaya/press/news/details/1314899?lang=ru

Жауап қалдыру