
АҚМАЯ АУЫЛЫНДА Р3-1 КАНАЛЫН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Ақмая ауылында «АРНА» мекемесі тарапынан Р-3-1 каналының су өткізу қабілетін арттыру мақсатында тазарту және қайта қазу жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс барысында арнайы техниканың көмегімен каналдың арнасындағы топырақ, шөп-шалам жиналған қабаттары алынып, арна кеңейтіліп, су жүретін бөліктері тереңдетілуде. Сонымен қатар, канал бойындағы су ағуына кедергі келтіретін учаскелер ретке келтіріліп, арнаның қалыпты су өткізуіне жағдай жасалуда.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – каналдың су өткізу мүмкіндігін жақсарту, суармалы жерлерге судың кедергісіз жетуін қамтамасыз ету және суару жүйесінің тиімділігін арттыру.
Жұмыстар арнайы техникалар жұмылдырыла отырып, кезең-кезеңімен атқарылуда.
Су жүйесін күтіп ұстау – ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының маңызды кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli-aqmaya/press/news/details/1314967?lang=kk

Жауап қалдыру