
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бұйрығымен Хасенов Ернар Мұхтарұлы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Ернар Хасенов 1987 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.
Инновациялық Еуразия университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Стратклайд университетін бітірген.
Еңбек жолын Автомобиль жолдары комитетінің Павлодар облыстық департаментінде жетекші маман болып бастаған.
2010–2014 жж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысы болып жұмыс істеді.
2014–2023 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде бас сарапшы, бас кеңесші, бас инспектор болып қызмет атқарды.
2023–2025 жж. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы лауазымын атқарды.
2025 жылғы қаңтар-маусым – ҚР Үкімет Аппаратының өңірлік инспекторы қызметінде болды.
2025 жылғы маусымнан бастап тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/1314791?lang=ru

Жауап қалдыру