
2026 жылғы 22 қазанда Шымкентте IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR 2026) өтеді. Форумға әлемнің 40 елінен 500-ден астам инвесторлар мен бизнес өкілдері қатысады.
Форумның басты тақырыбы — «Тұрақтылықтан өсімге: Қазақстанның жаңа инвестициялық циклі».
Күн тәртібінде — сапалы инвестициялар мен технологиялар тарту, стратегиялық серіктестікті нығайту және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері.
Панельдік сессияларда цифрлық экономика мен жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін жаңа өндірістер мен логистикалық хабтар құруға пайдалану мүмкіндіктері талқыланады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-addis-ababa/press/news/details/1315242?lang=ru

Жауап қалдыру