
V Азия Пара ойындарында F36 класындағы ер адамдар арасында ядро лақтырудан жеңіл атлетика жарыстары өтті. Қарағанды облысының өкілі Дастан Мұқашбеков 15,47 метр нәтиже көрсетіп, күміс медальға ие болды. Қазақстандық Иван Зелезняк 12,71 метр нәтижемен қола жүлдегер атанды. Бірінші орынды Өзбекстан өкілі жеңіп алды.
Дастан Мұқашбеков – ҚР Чемпионатының, ҚР Паралимпиада ойындарының, ҚР Спартакиадаларының бірнеше дүркін жүлдегері. Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия рекордын (Париж, 2023 ж.) орнатқан. Ядро лақтырудан IV жазғы Пара Азия ойындарының жеңімпазы және рекордшысы (Азия рекорды – 15,74 м). Париждегі (Франция, 2024 ж.) XVII жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері. 2025 жылы – жеңіл атлетикадан лицензиялық Гран-при (Дубай қ.БАӘ) 1-орынды иеленген.
Фотосы: Мейіржан Амангелдиевтен

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-sport/press/news/details/1315699?lang=ru

Жауап қалдыру