Қарашыған ауылдық округінде ауыл әкімі мен учаскелік полиция инспекторының қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қарашыған ауылдық округінде ауыл әкімі мен учаскелік полиция инспекторының қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, өз құқықтары мен міндеттерін білу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау, ауыл тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды ластамау және тазалыққа жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Әрбір тұрғынның ауылдың көркеюіне және тазалығын сақтауға үлес қосуы маңызды екені атап өтілді.
Түсіндіру жұмыстары барысында тазалық талаптарын сақтау және қоғамдық тәртіпті бұзбау жөнінде 4 тұрғынға ескерту жасалды.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karashygan/press/news/details/1315814?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді