
⚜️Қазақстан Республикасының салық қызметіне 35 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.
🔸️Іс-шара барысында «Салық қызметі органдарының ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Саламат Ермұханұлы Аманбаев аудан әкімі Ғазиз Сәкен Займолдинді ел игілігі жолындағы нәтижелі еңбегі мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапаттады.
🔹️Сонымен қатар мерейтойға орай салық саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматқа құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды.
🔸️Мерекелік жиын салық қызметі саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен мамандардың еңбегін бағалап, олардың кәсіби жетістіктерін дәріптеуге арналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1315706?lang=ru

Жауап қалдыру