Әкімшілік қамау заң талаптарына сәйкес айыппұлға ауыстырылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қарақия аудандық сотымен «К» азаматына әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.

Аудан прокуратурасы істің материалдарын зерделеу барысында «К» азаматына II топтағы мүгедектік белгіленгенін анықтады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға әкімшілік қамау қолданылмайды.

Осыған байланысты прокуратура сот қаулысына тағайындалған жаза бөлігіне наразылық келтірді.

Облыстық сот прокурордың наразылығын қанағаттандырып, аудандық соттың қаулысын өзгертті: әкімшілік қамақтың күші жойылып, айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Нәтижесінде, аудан прокуратурасы азаматтың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті.

 

        Маңғыстау облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1316014?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді