
Чэнду, 2026 жылғы 22 қазан — Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғыспалы жылдары шеңберінде және Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күнінің 35 жылдығы қарсаңында Чэнду қаласында (ҚХР, Сычуань провинциясы) «Camerata Kazakhstan» классикалық ансамблінің концерті өтті.
Іс-шараның ашылу салтанатына Сычуань провинциясының үкіметінің Мәдениет және туризм саласының, Сыртқы істер басқармасының, Сыртқы сауда басқармасы басшылары, дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлері мен Чэнду қаласының өнер сүйгіш қала тұрғындары, қазақстандық студенттер қатысты. Мәдени шараның беташарында Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев құттықтау сөз сөйледі.
Өз сөзінде Бас консул мәдени-гуманитарлық алмасудың Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің іргетасы ретіндегі маңыздылығын атап өтті. Мұндай бастамалар екі ел халықтары арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға ықпал етіп, мәдениет, білім және өнер салаларындағы одан әрі ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашатынын баса айтты.
Концерт барысында «Camerata Kazakhstan» ансамблі көрермендер назарына классикалық музыканың үздік туындыларын ұсынып, Қазақстанның бай музыкалық мұрасы мен жоғары орындаушылық шеберлігін таныстырды. Концерт Чэнду қаласының мәдени өміріндегі жарқын оқиғалардың біріне айналып, қытайлық көрермендерге қазақ музыкасының өзіндік ерекшелігі мен көркемдік әлеуетін таныстыруға мүмкіндік берді. Ансамбльдің өнер көрсетуі көрермендердің жоғары бағасына ие болып, ыстық ықыласына бөленді.
Концертті өткізу Қазақстан мен Сычуань провинциясы арасындағы өңіраралық байланыстарды дамыту және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі уағдаластықтарды іске асыру жолындағы нақты қадамдардың бірі болды. Іс-шара аясында Бас консул Сычаунь провинциясының мәдениет және туризм істері жөніндегі сала басшысы Чэнь Гуаньхао мырзамен тараптардың сала аралық қатынасын өзара тиімді дамыту мүмкіндіктерін талқылады.
Сонымен қатар, Сычуань провинциясы үкіметінің Сыртқы істер басқармасының басшысы Чжан Ечу мырза өткізілген мәдени шара қала халқының қызығушылық туындатқанын, болашақта Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстарын, халықтар достығын одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Сычуань провинциясы мен Қазақстан өңірлері арасындағы өзара іс-қимылды жандандыруға оңтайлы септігін тигізетініне сенім білдірді.
Өз кезегінде Бас консул қалыптасқан үрдісті жалғастыра отырып, мемлекетаралық қатынастардың туризм, білім, сауда-экономикалық бағыттардың да ынталы дамуына біріге күш салуға шақырды.
Мұндай бастамалар халықтарының өзара достық қарым-қатынастарын нығайтып, әр түрлі салаларда сеніміді серіктестік орнатуына негіз болатынын бірауыздан құптады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-xian/press/news/details/1315900?lang=ru

Жауап қалдыру