Семей қаласы мәслихатының VIII шақырылымы депутаттық корпусының қызмет кезеңі мәресіне жетті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Осылайша, Семей қаласы мәслихатының VIII шақырылымы депутаттық корпусының қызмет кезеңі мәресіне жетті.

 

2023 жылғы 30 наурыздан 2026 жылғы 12 қазанға дейін Семей қаласы мәслихатының VIII шақырылымы тұрғындардың мүдделерін білдіруге, қала өміріндегі өзекті мәселелерді шешуге және қаланың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған қызмет атқарды.

 Осы кезеңде депутаттық корпус жергілікті басқару жүйесін жетілдіру, қалалық инфрақұрылымды дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және қоғаммен өзара байланысты нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізді.

 Қызметтің негізгі қорытындылары

 Норма шығармашылық қызмет.

 VIII шақырылымның өкілеттік кезеңінде мәслихаттың 59 сессиясы өткізіліп, жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша 330 шешім қабылданды. Қала бюджетін қалыптастыру және нақтылау, халықты әлеуметтік қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру және қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды. 

Бюджет және экономиканы дамыту.

Қала бюджетін қарау және нақтылау, бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру басым бағыттардың бірі болды. Шағын және микробизнесті қолдауға бағытталған маңызды шешімдердің бірі – оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын кәсіпкерлік субъектілері үшін салық мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету болды. 

Халықты әлеуметтік қорғау.

Депутаттар әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіру, халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелерін қарастырды. 

Қалалық инфрақұрылымды дамыту.

Автомобиль жолдарының жай-күйі, жолаушылар тасымалы, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, тұрғын үй қорын күтіп ұстау, коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету және тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болды. 

Мәдениет, туризм және тарихи мұраны сақтау.

Ішкі туризмді дамыту, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, шығармашылық бастамаларды қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері қаралды. Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларға ерекше орын берілді. 

Халықпен кері байланыс.

Депутаттар азаматтарды қабылдап, тұрғындармен кездесулер өткізді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырды. Шақырылым басталғалы бері 460 ресми өтініш түсіп, өзекті мәселелер бойынша 269 депутаттық сауал жолданды. Олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, автомобиль жолдары, тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау және құрылыс салаларын қамтыды. 

Ашықтық және қоғамдық қатысу.

 Мәслихаттың қызметі, қабылданған шешімдер мен тұрақты комиссиялардың жұмысы туралы халықты ақпараттандыру қамтамасыз етілді. Қоғаммен өзара іс-қимыл жалғасып, Семей қаласының жаңа Қоғамдық кеңесінің құрамы қалыптастырылды. 

Тұрғындарға қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыру мақсатында бюджет қаражатын тартпай-ақ, 2GIS сервисінде мәслихаттың қызмет көрсету нүктесі іске қосылды. 

Қайырымдылық және азаматтық жауапкершілік.

 Депутаттар қайырымдылық акцияларына қатысып, мұқтаж отбасыларға, балаларға, қарттарға және мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсетті. «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдап, қоғамдық маңызы бар іс-шараларға белсенді қатысты.

Қорытындылай келе, атқарылған жұмыстың әрбір бағыты тұрғындардың өтініштерімен, қоғамдық бастамалармен және Семей қаласын жайлы, көрікті әрі қарқынды дамып келе жатқан қалаға айналдыруға деген ұмтылыспен тығыз байланысты болды.Семей қаласының тұрғындарына сенім білдіргендері, белсенді азаматтық ұстанымдары, бейжай қарамай, өз ұсыныстарын білдіргендері үшін алғысымызды айтамыз!

Алда жергілікті өкілді орган қызметінің жаңа кезеңі күтіп тұр. Ашық диалог, бірлескен жұмыс және қала тұрғындарының алдындағы жауапкершілік қаламыздың одан әрі дамуының негізі болып қала беретініне сенімдіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1315981?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді