
______2026 жылғы 8 қазанда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (бұдан әрі – СЭҚ қатысушысы) қатысуымен «Zoom» бағдарламасы арқылы онлайн форматта брифинг өткізді.
______Отырыс барысында Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің кеден қоймасының кедендік рәсімінің мазмұны мен қолданылуын регламенттейтін 235–238-баптарының ережелері қаралды. Сондай-ақ ЕАЭО КК 238-бабына сәйкес кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды қарап тексеру, өлшеу және оларды қойма шегінде орын ауыстыру, сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау және жөнелтілімдерді қалыптастыру, тауарлардың тауарлық түрін жақсарту және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі операциялар сияқты мәселелер қаралды.
______Брифинг қорытындысы бойынша кеден қоймасының кедендік рәсімін қолдану кезінде ЕАЭО КК 25-тарауының талаптарын сақтау, сондай-ақ кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылатын тауарларды кедендік рәсімдеу кезінде ЕАЭО КК 235–238-баптары нормаларының дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету қажеттілігі белгіленді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1316102?lang=ru

Жауап қалдыру