Қызылорда облысында екі ірі инвестициялық жобаның құрылысы басталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 

Қызылорда облысында өңірдің жаңартылатын энергетикасы мен агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған екі ірі инвестициялық жобаның құрылысы басталды.

Іс-шараларға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев пен облыс прокурорының міндетін атқарушы Нұрболат Дүйсенбаев қатысты.

Бірінші жобаны «Orda POWER» ЖШС жүзеге асыруда. Жоба жалпы қуаты 50 МВт болатын күн электр станциясының құрылысын көздейді. Жобаның жалпы құны 16,4 млрд теңгені құрайды.

Жобаны іске асыру 2026–2028 жылдарға жоспарланған және генерациялау қуатын кезең-кезеңімен арттыруды көздейді.

Жоба аясында 50 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыру үшін Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен компанияға «Өндіріс» индустриялық аймағы аумағынан 12,86 гектар жеручаскесі бөлінді.

Екінші инвестициялық жоба жылына 45 мың тоннаға дейін көкөніс өнімдерін өндіретін заманауи жылыжай кешенін салуды көздейді.

Жобаның жалпы құны 156,8 млрд теңгені құрайды.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 1 300 жұмыс орнын ашу жоспарланған.

Кешеннің құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік қолдау аясында Қызылорда қаласының сол жағалауынан 250 гектар жер учаскесі бөлінді.

Аталған нысандардың іске қосылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды. Бұл инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарынашуға, баламалы энергетиканы дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына және өңірлік бизнестің дамуына кері әсер етуі мүмкін мәселелерді жедел шешуге ерекше көңіл бөлінеді.

Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге немесе өзқұқықтарының бұзылуына тап болған инвесторларды төмендегі телефон нөмірлері арқылы: 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе 115 Call-орталығына дереу хабарласуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1316237?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді