
Атырауда 20-23 қазан аралығында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның алғашқы екі күнінде 433 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Рейдтер барысында қоғамдық тәртіпті бұзу, жол қозғалысы ережелерін сақтамау және көші-қон заңнамасын бұзу деректері тіркелді.
қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу және мас күйде жүру – 70 дерек;
ұсақ бұзақылық – 15 дерек;
қоғамдық орындарда тиісу – 61 дерек;
кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруі – 39 дерек.
жаяу жүргіншілерге жол бермеу – 98 дерек;
қарсы қозғалыс жолағына шығу – 9 дерек;
мас күйде көлік басқару – 4 дерек;
жүргізу құқығынан айырылған күйде көлік басқару – 8 дерек.
тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру – 62 дерек;
шетел азаматтарының Қазақстан заңнамасын бұзуы – 18 дерек;
көші-қон заңнамасын бұзу – 10 дерек.
Іс-шара барысында 13 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды. Сонымен қатар, 3 адам қабылдау-тарату орнына, 8 адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына орналастырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1316279?lang=ru

Жауап қалдыру