
Салық төлеушінің төлеген және (немесе) артық төлеген салық сомасын, бюджетке төленетін төлемді және өсімпұлдарды есепке жатқызуды салық органы ұлттық валютамен жүргізеді:
— салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз;
— салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде;
Салық төлеушінің өтінішінсіз есепке жатқызу
Артық төленген сома мынадай тәртіппен ретімен есепке жатқызылады:
артық төленген сома пайда болған және төлеу мерзімі басталған есептелген, өндіріп алынатын салықтар мен төлемдерді төлеуге;
берешекті өтеуге: алдымен артық төленген сома пайда болған салық түрі бойынша, содан кейін өзге салық түрлері бойынша;
өсімпұлдарды өтеуге – сол тәртіппен;
айыппұлды өтеуге – сол тәртіппен;
Салықтық өтініш бойынша есепке жатқызу
Артық төленген сома мынадай мақсаттарға есепке жатқызылады:
салық төлеушінің және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің салықтық берешегі болмаған жағдайда, өтініште көрсетілген салық түрі бойынша алдағы төлемдерге;
өтініште көрсетілген салық түрі бойынша салықтық берешекті өтеуге: салық төлеушінің құрылымдық бөлімшесінің немесе заңды тұлғаның, егер салық төлеуші сол заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылса;
Салықтық өтінішті Салық төлеушінің кабинетінде беруге болады.
Қайтару салықтық өтініш негізінде өтініште көрсетілген салық төлеушінің банк шотына аудару жолымен жүргізіледі.
Қайтару салық төлеушінің және оның құрылымдық бөлімшесінің салықтық берешегі болмаған кезде жүзеге асырылады.
Салықтық берешек болған жағдайда, қайтару оны өтеуге есепке жатқызғаннан кейін жүргізіледі. Есепке жатқызу жүргізілгеннен кейінгі соманың қалдығы қайтарылуға жатады.
Артық (қате) төленген сома мына кезеңде төленген сомалар мөлшерінде есепке жатқызылуға және (немесе) қайтарылуға жатады:
ағымдағы жыл ішінде;
алдыңғы күнтізбелік жылдарда талап қою мерзімі шегінде, сомалар төленген жылдан кейінгі жылдан бастап;
Артық төленген мемлекеттік баж сомасы оны төлеген күннен бастап үш жыл ішінде қайтару жөніндегі құжаттар ұсынылған кезде қайтарылуға жатады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1316499?lang=ru

Жауап қалдыру