
Павлодар облысы ТЖД қызметкері Ақжол Сағынбай «Тәуелсіздік ұрпақтары» сыйлығының «Ерлігі үшін» номинациясы бойынша лауреат атанды. Ол адамдарды құтқару және төтенше жағдайларды жою кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін марапатталды.
Ақжол Сағынбай – Павлодар қаласындағы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері. Ол 2001 жылы Ақмола облысының Щучинск қаласында дүниеге келген. Жас болғанына қарамастан, қызметтік тәжірибесі мол, қажетті кәсіби дағдыларды меңгерген маман.
Қызметімен қатар, Ақжол спортта да айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Ол 12 жыл бойы джиу-джитсумен кәсіби түрде айналысып, 2018 жылы Азия чемпионы атанған. Сондай-ақ спорт шеберіне кандидат атағы бар, грэпплингтен Қазақстан кубогының чемпионы және ел чемпионаттарының жүлдегері.
Оның ерлігіне биыл жазда бес қабатты тұрғын үйде болған өртті мысал етуге болады. Өрт шыққан пәтердің түтінге толы балконында 55 жастағы ер адам көмекке мұқтаж болған. Ақжол оған алғашқылардың бірі болып жетіп, жылу ағынынан қорғау үшін ер адамды денесімен қалқалаған. Құтқарушылар оны автосатының көмегімен қауіпсіз жерге шығарғанға дейін Ақжол жанынан табылды.
Жас өрт сөндірушінің бұл әрекеті кәсібиліктің, батылдықтың және өз өміріне қауіп төнсе де, өзгелерді құтқаруға дайын болудың жарқын үлгісі болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1316655?lang=ru

Жауап қалдыру