
Маңғыстау облысында жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Халел Өзбекғалиев атындағы облыстық жоғары политехникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастардың өз әрекеттеріне деген жауапкершілігін арттыру.
Кездесу барысында Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің аға инспекторы Бағдәулет Келес пен №43 мекеме жасағының бастығы Азатбек Ақпанбет заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы, құқыққа қайшы әрекеттердің салдары және өмірлік таңдауға жауапкершілікпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар қатысушыларға құқықбұзушылықтың алдын алуға және заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға арналған бейнеролик көрсетілді.
Кездесудің маңызды бөліктерінің бірі – тергеу изоляторында отырған азаматпен ұйымдастырылған телемост болды. Әңгімелесу барысында студенттер заңға қайшы әрекеттердің салдарына тап болған адамның өмірлік оқиғасын тыңдады.
Мұндай кездесудің басты мақсаты – жастардың есірткінің заңсыз айналымына тартылуының алдын алу, заң алдындағы жауапкершілікті түсіндіру және әрбір шешімнің салдарын бағалай білуге үйрету.
Осындай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға және студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.
Бұл бағыттағы жұмыстар жас ұрпақтың бойында заңға құрмет пен құқыққа қайшы әрекеттерге деген теріс көзқарасты қалыптастыру мақсатында жалғасын табады.
Дереккөз: Polisia.kz
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1316808?lang=ru

Жауап қалдыру