
Құрметті қазақстандықтар!
25 қазан – Республика күні құтты болсын!
Бұл – еліміздің егемендігі мен мемлекеттілігін айқындайтын, ұлттық бірлігіміз бен ортақ құндылықтарымызды дәріптейтін ерекше мереке.
Әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке, әр отбасына қуаныш пен молшылық тілейміз. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық нығайып, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Қазақстанымыз өркендеп, көк Туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
Республика күні құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1317070?lang=ru

Жауап қалдыру