
Қымбатты отандастар!
Баршаңызды келе жатқан 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Республика күні – зайырлы мемлекетімізді нығайту жолындағы тарихи белес, тәуелсіздіктің тұғырын айшықтайтын ұлттық мереке.
Бұл күні ел тарихындағы маңызды саяси құжат – Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіздігіне жол ашылды. Егемендік декларациясы мемлекетіміздіңқаржы-экономикалық әлеуетін нығайтып, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етті. Елдігіміздің еңсесін көтеріп, абыройымызды асырды. Ұлттық экономикағатың серпін беріп, мемлекеттік қаржы жүйесінің қалыптасуына септігін тигізді .
Басты жетістігіміз – халқымыздың ынтымағы нығайды, қоғамда келісім мен тұрақтылық орнады. Осы орайда әрбір қазақстандыққа бейбіт өмір, бақытты болашақ, береке-бірлік пен мол табыс тілеймін! Тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
Құрметпен,
ҚР Қаржы министрі
Мәди ТАКИЕВ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/press/news/details/1317228?lang=ru

Жауап қалдыру