Құрметті маңғыстаулықтар! Қадірлі жерлестер!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Баршаңызды Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Республика күні – халқымыздың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрін жаңғыртып, ата-бабаларымыздың азаттық туралы асқақ арманын айшықтайтын тарихи мереке. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашып, дербес мемлекет ретінде қалыптасуымыздың саяси-құқықтық негізін қалады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесінің қайтарылуы – тарихи жадымызды жаңғыртып, ұлттық рухымызды нығайтқан маңызды қадам.

Бүгінде біз бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалған тәуелсіз елде өмір сүріп отырмыз. Ендігі міндет – егемендігімізді нығайтып, еліміздің болашағы үшін бірлесе еңбек ету. Қазіргі кезеңде Қазақстан жаңғыру мен жаңару жолында маңызды қадамдар жасауда. Мемлекет басшысының бастамалары елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісімді нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.

«Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» қағидаттары қоғамымыздың ортақ құндылықтарына айналуы тиіс.
 
Баршаңызды бүгінгі тұрақтылық пен тыныштықтың, бейбітшілік пен бірліктің нышанына айналған ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймын! Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
 
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбай

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1317462?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді