
Құрметті жерлестер!
Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
25 қазан – еліміздің тарихындағы айрықша күн, тәуелсіздігіміздің бастауы мен мемлекеттілігіміздің нығаю жолындағы маңызды белес. Бұл мереке – халқымыздың бірлігі мен ынтымағын, отансүйгіштігі мен ел болашағына деген сенімін айшықтайтын ерекше күн. 🕊
Осы мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, молшылық пен қуаныш тілеймін. Әр шаңырақта шаттық орнап, елімізде бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, еліміздің болашағы жарқын болсын!
Құрметпен,
Басқарма басшысы Адайбек Есенаманов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-ekonomika/press/news/details/1317533?lang=ru

Жауап қалдыру