Жамбыл облысының ТЖД-де Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жалпыұлттық бірлікті нығайту, патриоттық рухты арттыру және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шара барысында Мемлекеттік тудың ел тәуелсіздігінің, бірлігі мен тұтастығының нышаны ретіндегі маңызы атап өтілді.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін Отанға адал қызмет ету, елдің тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігінқамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – патриотизмнің және ел алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің отансүйгіштік рухын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қоғамдағы жалпыұлттық бірлікті сақтауға ықпал етеді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1317602?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді