Қарағандыда полиция абаттандыру қағидаларын бұзудың екі дерегін тіркеді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

     Қарағанды қаласындағы жедел басқару орталығының камералары аулалардың бірінде абаттандыру қағидаларын бұзудың екі дерегін тіркеді. Алдымен түске дейін жергілікті тұрғындардың бірі ескі шкафты шығарып, іргедегі аумаққа қалдырып кеткен. Көп уақыт өтпей оның бұл әрекетін көршісі де қайталап, бейнекамералардың көз алдында қажетсіз ірі көлемді жиһазынан құтылған.

     Полицейлер тәртіп бұзушылардың жеке басын жедел түрде анықтады. Екі қарағандылыққа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

     Полиция ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын қарапайым контейнерлерге және ауладағы алаңдарға тастауға тыйым салынатынын — оларды шығаруды тұрғындар өз бетінше ұйымдастыруы тиіс екенін еске салады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1318187?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді