«Қазақстан Республикасының «Кедендік реттеу туралы» Кодексі 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ сәйкес Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

_____2026 жылғы 27 қазанда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» РММ-де сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы дөңгелек үстел өткізілді.

_____Еркін Д.Ш. отырысты ашып, қатысушыларды қарсы алып, күн тәртібін жариялады. Өз сөзінде Қазақстан Республикасы «Кедендік реттеу туралы» Кодексінің 350-бабына сәйкес жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын кассалық чектер мен шоттар, тауардың заттаңбалары мен баға белгілері, сатып алу құнын растайтын өзге де құжаттар негізінде мәлімдейді.

_____Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнына оларды тасымалдау мен сақтандыру бойынша шығындар қосылмайды.

_____Кеден органы тауарлардың жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнын айқындауға құқылы:

_____– тауардың құнын растайтын құжаттар жок кезінде;

_____– ұсынылған құжаттар бойынша тауарды сәйкестендіру мүмкін болмаған кезде;

_____– мәлімдеген құн сатып алған елдегі ұқсас тауарлардың бөлшек сауда бағаларына сәйкес келмеген кезде.

_____Осылайша, жеке тұлға жеке пайдалануға арналған тауарлардың мәлімделген құнын тиісті мәліметтер қамтылған барлық құжаттармен  растауға құқылы. Өз кезегінде, кеден органы тауарлардың құнын заңнамада көзделген жағдайларда ғана айқындауға құқылы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1318306?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді