
Шахтинск қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиында бірлік, отансүйгіштік және ел игілігі жолындағы адал еңбектің маңыздылығы атап өтілді. Іс-шара аясында бірқатар азаматқа лайықты марапаттар табысталды. Мерекелік көңіл күйді шығармашылық ұжымдардың өнері толықтырды.
Құрметті жерлестер! Сіздерді Республика күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық пен береке, елімізге өркендеу мен толайым табыс тілейміз!
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-shahtinsk/press/news/details/1318323?lang=ru

Жауап қалдыру