Жылыту маусымындағы қауіпсіздік – басты назарда!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жылыту маусымында өрт оқиғалары мен улы газдан уланудың алдын алу мақсатында Шұбарсу елді мекенінде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шараға аудандық газ инспекциясы мен жергілікті атқарушы органның өкілдері бірлесіп қатысты.

Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға жылыту пештері мен газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалану, мұржаларды уақытылы тазалау, желдету жүйелерінің жарамдылығын бақылау және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша кеңестер берілді.

Сонымен қатар, іс-шараға «Оңтүстік» телеарнасының тілшілері қатысып, жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары мен профилактикалық жұмыстар жөнінде сұхбат алынды.

Ордабасы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1318222?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді