Ақтау қаласында колледж студенттерімен профилактикалық кездесу өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтау қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері колледж студенттерімен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында студенттерге буллингтің алдын алу және оның салдары, топтық төбелестерге жол бермеу, интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары, сталкинг және оның құқықтық салдары, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар жастарға қоғамдық тәртіпті сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, интернет кеңістігінде қауіпсіздік талаптарын ұстану және кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу қажеттігі ескертілді.

Полиция қызметкерлері студенттерді заң талаптарын сақтауға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді атсалысуға шақырды.

Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, буллинг пен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1318385?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді