
Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылданған мемлекеттік қызметшілердің салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру, қызметшілердің ел мен халық алдындағы жауапкершілігін нығайту, адалдық пен кәсібилік қағидаттарын дәріптеу.
Рәсім барысында жас мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, заңдылықты сақтауға және өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға ант қабылдады.
Мемлекеттік қызметке жаңадан қадам басқан мемлекеттік қызметшілерге кәсіби табыс, жауапкершілік пен адалдыққа негізделген қызмет жолында сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-social/press/news/details/1318429?lang=ru

Жауап қалдыру