Экстремизмнің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 

Ынталы ауылдық округінде экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жасөспірімдер арасында діни экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында Ынталы орта мектебінің 5–9 сынып оқушыларына «Код Шакалов» фильмі көрсетіліп, оның мазмұны бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында оқушыларға экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін кері әсері, радикалды идеологияның қауіптілігі, күмәнді ақпарат көздерінен сақтану және интернет желісін дұрыс пайдалану жөнінде түсіндірілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитет қалыптастыру және қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау құндылықтарын насихаттау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-yntaly/press/news/details/1318944?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді