Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Аудандар мен Петропавл қаласының Мансап орталықтары азаматтардың жекелеген санаттарына, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 380 мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді.

220 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 123-і деректер базасында қолда бар бос жұмыс орындарына, оның ішінде 190-ы квоталанатын жұмыс орындарына, 97-сі уақытша жұмыс орындарына (қоғамдық жұмыстарға – 82, әлеуметтік жұмыс орындарына – 4, жастар тәжірибесіне – 6, «Күміс жас» жобасына – 5) орналастырылды.

Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 83 адам «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 10 адам грант алды.

Кәсіби дағдыларды меңгеру үшін 87 адам оқытылды, оның 83-і онлайн форматта.

Жалпы, мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қабылданып жатқан шаралар қазіргі қолда бар қажеттілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/1318882?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді