
Астанада 9-11 мамыр күндері дзюдодан әлемдік рейтингтік «Qazaqstan Barysy Grand Slam» турнирі өтеді. Байрақты дода елімізде биыл үшінші рет қабылданбақ.
Әлемнің кіл мықтыларын жинайтын бұл бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.
Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екіжақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/980942?lang=kk
Жауап қалдыру