Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Н.Тлендиев даңғылынан Оқжетпес көшесіне дейінгі учаскеде Көктал көшесінің орташа жөндеу бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Н.Тлендиев даңғылынан Оқжетпес көшесіне дейінгі учаскеде Көктал көшесінің орташа жөндеу бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 22 мен 26 сәуір аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс толығымен жабылады. Бұл ретте қозғалыс жақын жерде орналасқан көшелермен ұйымдастырылатын болады.

Сонымен қатар, Фахт бен Абдул Азиз көшесінен Талапкер көшесіне дейінгі учаскеде К. Байсеитова көшесі 22 мен 29 сәуір аралығында ішінара жабылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uad/press/news/details/980818?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді