Департамент сыртқы сарапшымен, ҚР аудиторымен, салық кеңесшісімен ZOOM-конференция өткізді.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының аудиторы, салық кеңесшісі @tylekbaeva_tatiana Тюлекбаева Т.В. бірлесіп Zoom-конференция өткізді.

💼 Кездесудің негізгі тақырыптары – 2026 жылы камералық бақылау, хабарламалар не үшін келеді және не істеу керек. Салықтық тексерулер, кәсіпкердің құқықтары мен міндеттері, өзекті сұрақтар-жауаптар.

💬 Конференция барысында қатысушыларға тақырып бойынша өзекті ақпарат ұсынылып, кәсіпкерлерді қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар мен түсіндірмелер берілді.

🎙️ Іс-шараның спикері👨‍💼Түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасының басшысы З.К. Жойкимбекова;

🤝 Мұндай кездесулер кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасында ашық диалог орнатуға, сондай-ақ салық заңнамасындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы уақтылы ақпарат беруге ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-karaganda/press/news/details/1312415?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді