«Жасыл университет»: «Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қатысушыларды бағалау «Google Forms» платформасында онлайн-дауыс беру арқылы жүзеге асырылды. Оған жеті университеттің бесеуі қатысты.

Айта кету керек, қатысушыларды бағалау, экология, климатология және тұрақты даму саласындағы ғылыми және қолданбалы зерттеулер, экологиялық білім беру бағдарламаларының саны мен сапасы, экология, климатология және тұрақты даму жөніндегі бағдарламалардың (бакалавриат, магистратура, аспирантура) саны мен әртүрлілігі, сондай-ақ “жасыл”, экологиялық таза технологиялар саласындағы стартаптар мен инкубаторларды қолдау жөніндегі бағдарламалардың болуы сынды үш критерий бойынша жүргізілді.

Университеттерді бағалау нәтижелерін есептеу барысында «Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» және «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті»  бірдей балл жинағаны анықталды. Осыған орай жеңімпазды анықтау үшін қазылар алқасы қосымша дауыс беру туралы шешім қабылдады.

Оның қорытындысы бойынша «Жасыл Университет» конкурсының жеңімпазы «Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» атанды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/980324?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді