
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті білім беру, денсаулық сақтау, ішкі саясат, мәдениет және спорт салаларындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қатысуымен «Онлайн-бюджеттік мониторинг және оны дамыту перспективалары» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шара барысында бюджет мониторингінің өзекті мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы жаңашылдықтар талқыланды.
Семинарға Солтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бас бухгалтері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1314966?lang=ru

Жауап қалдыру