ҚАЖ қызметкерлері Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “Бірлік жүгірісі” атты спорттық жарысына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 1 мамыр күні — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған үлкен ауқымды іс-шаралар аясында Ақтөбе қаласында кең көлемді мерекелік бағдарламалар өтті.

Солардың бірі — Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “Бірлік жүгірісі” атты спорттық жарыс болды. Жарыстың басты мақсаты — көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен достығын дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамда белсенді азаматтық ұстанымды нығайту.

Аталған жарысқа түрлі сала өкілдерімен қатар Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері де белсенді түрде қатысты. Олар жоғары дайындықтарын көрсетіп, мәре сызығын сәтті кесіп өтті.

Жарыс нәтижесінде ерекше көзге түскен ҚАЖ қызметкерлері медальдармен марапатталды. Бұл олардың тек қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып қана қоймай, қоғам өміріне де белсене араласатынын дәлелдеді.

Іс-шара соңында халыққа арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, олар көтеріңкі көңіл күймен бір сергіп, мерекелік атмосфераның ләззатын сезінді.

 – Мұндай бастамалар қызметкерлердің рухын көтеріп, ұжымдық ауызбіршілікті арттырып қана қоймай, ел ішіндегі татулық пен қоғамдық келісім құндылықтарын бекемдей түсетіні сөзсіз, – деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті әділет подполковнигі Нуртазин Сабржан Бибитович.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/987920?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді