
Бұл мерекенің жалпыхалықтық сипатта тойланатыны баршамызға белгілі. Таңертеңнен Аудандық мәдениет үйнің алаңда әуелеген ән қойылып, балалардың шат күлкісі сыңғырлап естіліп жатты.Елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің тұрмысы – халқымыздың кеңпейілділігінің айқын көрінісі. Көпұлттылық біздің ауданға да тән. Мерекеде алғашқы құттықтау сөз Аудан әкімінң орынбасары А.Ахметоваға берілді. Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды, туған елдің игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз. Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық, мерекеге орай ізгі тілегін жеткізді. Мерекелік шара барысында этномәдени орталықтарының төраға – төрайымдарын “Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл” мерекелік медальмен Анар Садыққызы марапаттап,бағалы сыйлықтар табысталды. Аудан жұртшылығына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қазақ, славян, өзбек, шешен, әзірбайжан, халықтарының ұлттық билері биленіп, жергілікті өнерпаздардың әуезді ән-күйлері барша халыққа тарту етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/988319?lang=kk
Жауап қалдыру