Астанада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік отшашу өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Отшашу 9 мамыр күні сағат 22.00-де екі жерден ұйымдастырылады: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде 4 мыңға жуық рет атылады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған 100-ден астам түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Оның ішінде концерттер, ғылыми конференциялар, мектептерде тәрбие сағаттары, спектакльдер және т.б. өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/988546?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді