Қазығұрт ауданында тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстау және рұқсатсыз қоқыс тастауға жол бермеу мақсатында сенбілік жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Бүгін аудан аумағында кезекті ауқымды сенбілік өткізілді. Бұл шараға мекеме қызметкерлері, жастар, ауыл тұрғындары белсене қатысып, ауданның барлық ауыл округтерінде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Қатысушылар көшелерді, қоғамдық орындарды, саябақтарды тазалап, тұрмыстық қалдықтарды жинап, ағаштарды ретке келтіріп, қоршаған ортаға жанашырлық танытты.
Сенбілік жұмыстарының барысын аудан әкімі Азизхан Исмаилов өзі қадағалап, жауапты сала мамандарына тазалықты сақтау шараларын жүйелі түрде әрі тұрақты ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ аудан басшысы тұрғындарды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға және экологиялық мәдениетті арттыруға шақырды.
Мұндай игі бастамалар ауданда алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Жауап қалдыру