Алматы қаласындағы ЖРВИ, тұмау аурулары бойынша эпидемиологиялық жағдай жөнінде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы бойынша қазіргі уақытта  жедел респираторлық инфекциялардың (бұдан әрі – ЖРВИ) бақылау деңгейінен аспайтын маусымдық өсуі байқалады.

 

Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 17432 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шыққандағы көрсеткіші – 760,38 – і құрайды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,3% (20014 жағдай) төмен және бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 3,7% төмен (18109 жағдай). Бұл аурудың 63,3% балаларды қамтиды (11043 жағдай).

 

2024 – 2025 жж жаңа эпидемиологиялық маусым басынан (40 – шы аптадан бастап 16 – ші аптаға дейін) ЖРВИ – дің 501729 жағдайы тіркелді, 100 тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 21885,44 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе төмен (718169 жағдай, көрсеткіш – 32210,72). Аурудың 61,7% – ы балаларды қамтиды (309599 жағдай).

 

Ағымдағы жылдың эпидемиологиялық маусымның қараша айының ортасынан  бері тұмаудың зертханалық расталған 282 жағдайы, оның 127 – і А типі А/H1N1 және В типі – 155, науқастарға ем тағайындалған, жағдайлары қанағаттанарлық.

 

Қалада жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқада вирустары: риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирустар айналымда  жүр.

 

Зертханалық мониторинг нәтижелері бойынша қалада тұмауға жатпайтын басқа ЖРВИ вирустары анықталды: риновирус – 22, парагрипп – 2, РС – 84, аденовирус – 1, бокавирус – 1, 12 сынамада маусымдық коронавирус (зеттелген 349 сынаманың 122 – де оң нәтиже). Метапневмовирус  тіркелген жоқ.

 

Профилактика (алдын алу) шаралары : 

 

Қала халқы ЖРВИ, тұмаудың эпидемиологиялық  маусымында аурудың өсуі кезеңінде аурудың  алдын алу бойынша төмендегі бірқатар шараларды естен шығармау керек:

– дәрігердің тағайындауымен иммундау жүйесін көтеру: С дәруменін, оксолин сықпасын қолдану;

– жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды қысқарту, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдету, ЖРВИ – мен науқастанғандармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде кию;

– ауырған жағдайда, өз бетімен ем-дом қолданбай, үйден шықпастан, медицина қызметкерін шақыруы қажет, түшкіргенде және жөтелгенде ауызды қолмен, майлықпен жауып, қолды жиі жуу қажет;

–   ауырған балаларды мектепке, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени-жалпылама  іс-шаралары жүргізілетін орындарға жібермеу.

 

Осы аталған қарапайым нұсқауларды сақтау, сіздерді ЖРВИ мен тұмау ауруынан қорғайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/989416?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді