
Алматы қаласы бойынша қазіргі уақытта жедел респираторлық инфекциялардың (бұдан әрі – ЖРВИ) бақылау деңгейінен аспайтын маусымдық өсуі байқалады.
Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 17432 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шыққандағы көрсеткіші – 760,38 – і құрайды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,3% (20014 жағдай) төмен және бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 3,7% төмен (18109 жағдай). Бұл аурудың 63,3% балаларды қамтиды (11043 жағдай).
2024 – 2025 жж жаңа эпидемиологиялық маусым басынан (40 – шы аптадан бастап 16 – ші аптаға дейін) ЖРВИ – дің 501729 жағдайы тіркелді, 100 тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 21885,44 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе төмен (718169 жағдай, көрсеткіш – 32210,72). Аурудың 61,7% – ы балаларды қамтиды (309599 жағдай).
Ағымдағы жылдың эпидемиологиялық маусымның қараша айының ортасынан бері тұмаудың зертханалық расталған 282 жағдайы, оның 127 – і А типі А/H1N1 және В типі – 155, науқастарға ем тағайындалған, жағдайлары қанағаттанарлық.
Қалада жіті респираторлық вирустық инфекциялардың басқада вирустары: риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирустар айналымда жүр.
Зертханалық мониторинг нәтижелері бойынша қалада тұмауға жатпайтын басқа ЖРВИ вирустары анықталды: риновирус – 22, парагрипп – 2, РС – 84, аденовирус – 1, бокавирус – 1, 12 сынамада маусымдық коронавирус (зеттелген 349 сынаманың 122 – де оң нәтиже). Метапневмовирус тіркелген жоқ.
Профилактика (алдын алу) шаралары :
Қала халқы ЖРВИ, тұмаудың эпидемиологиялық маусымында аурудың өсуі кезеңінде аурудың алдын алу бойынша төмендегі бірқатар шараларды естен шығармау керек:
– дәрігердің тағайындауымен иммундау жүйесін көтеру: С дәруменін, оксолин сықпасын қолдану;
– жаппай іс-шаралар өтетін орындарға баруды қысқарту, бөлмелерде ылғалды жинау жүргізіп, желдету, ЖРВИ – мен науқастанғандармен қарым-қатынаста болмауға тырысу, қарым-қатынаста болған жағдайда бетперде кию;
– ауырған жағдайда, өз бетімен ем-дом қолданбай, үйден шықпастан, медицина қызметкерін шақыруы қажет, түшкіргенде және жөтелгенде ауызды қолмен, майлықпен жауып, қолды жиі жуу қажет;
– ауырған балаларды мектепке, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне, мәдени-жалпылама іс-шаралары жүргізілетін орындарға жібермеу.
Осы аталған қарапайым нұсқауларды сақтау, сіздерді ЖРВИ мен тұмау ауруынан қорғайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/989416?lang=kk
Жауап қалдыру