Қостанай облысының мемлекеттік архиві қызметкерлері «Ерлікке тағзым» қайырымдылық акциясына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 2 мамырда «Қостанай облысының мемлекеттік архиві» КММ қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ерлікке тағзым» қайырымдылық акциясына қатысты.

Акция аясында Әуежай ауданы маңындағы зиратта тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл жерде соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері жерленген. Қатысушылар ерлікпен қаза тапқандарды еске алып, олардың Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі мен ерліктеріне құрмет көрсетті.

Іс-шара бейбіт өміріміздің бағасын ұғындыру мен тарихи жадымызды сақтау мақсатында ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/989415?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді