
2025 жылдың 5 мамырында ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Халықаралық мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау күніне орай Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Асар бейімдеу және оңалту орталығында өткен іс-шараға қатысты.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Ынтықбайұлы Бейсенқұлов, №5 Тараз қалалық емханасы дәрігерлік кеңес комиссиясының төрайымы Марияш Тлеулесқызы Бегабылова, Тараз қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің орынбасары Жарқынбек Амангелдіұлы Шогалов, Жамбыл облысы Заң консультанттар палатасының консультанты Светлана Викторовна Скавинская және бірнеше мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.
Шара барысында қоғамдағы әрбір азаматтың құқықтары мен мүмкіндіктерінің тең екендігін айқындап, ерекше қажеттілігі бар жандарға жан-жақты қолдау көрсетудің маңыздылығы аталып өтті. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстар мен өзекті мәселелердің шешу жолдары қарастырылды.
Өз кезегінде Өкіл Қазақстан Республикасының Конституциясының, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, оның маңызы мен міндеті, адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары оларды қорғау және іске асыру тетіктері, сондай-ақ Конституцияда адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелері мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің функционалдық міндеттері мен атқарылған жұмыстары туралы айта кетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/989763?lang=kk
Жауап қалдыру