
«Парыз -2025»
«Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғанын хабарлайды.
Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Байқау өңірлік және республикалық екі кезеңнен тұрады. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 4 аталым «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» бойынша өзара үздікті анықтайды. Сондай-ақ байқау аясында «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы табысталады.
Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер өз материалдарын қағаз түрінде және электронды форматта жергілікті атқарушы органға жолдайды.
Өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын ескере отырып, ауданның барлық кәсіпкерлерін «Парыз» байқауына белсенді қатысуды сұраймыз.
Байқауға қатысты өзге ақпаратты білу үшін «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әгеуметтік бөлімі» КММ жүгіне алады. Байланыс телефоны: 87153821684.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-ozsp/press/news/details/989793?lang=kk
Жауап қалдыру