23-24 сәуір күндері Қостанай облысының делегациясының құрамындағы ҚХА мүшелері Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған XXXIV сессиясына қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сессияның алғашқы күнінде Қостанай облысының «Ассамблея жастары» өкілдері «Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын» атты жастар отырысына қатысып, жас ұрпақтың азаматтық бірлік пен ұлттық келісімді нығайтудағы рөлі туралы өзекті мәселелерді талқылады.
Сессияның екінші күні Қостанай облысы ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры Қалқаман Жақып «Құрмет» орденін, сондай-ақ «Возрождение» Қостанай неміс мәдени орталығының мүшесі Киколенко Ольга «Ел бірлігі» орденімен марапатталды. Сессия барысында этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселелері, сондай-ақ ҚХА-ның болашақтағы міндеттері талқыланды. ҚХА сессиясы — бұл Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын нығайтудың маңызды алаңы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-ishki-sayasat/press/news/details/988762?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді