ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталық штабынан келген комиссияның, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына іс-сапарына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

А.ж. 22 сәуір күні Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында өткен терроризмге қарсы комиссиясы шеңберінде ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығы штабы қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс тобы отырысы өтті.

Аталған отырыста қала әкімі, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары қатысты.

Күн тәртібінде ҚР ҰҚК ТҚО Штаб қызметкерлерінің тарапынан әдістемелік-тәжірбиелік көмек көрсету, хаттаманың орындалысы, білім спорт саласындағы жол картасының, кешенді жоспардың орындалысы, ТҚК хатшысының функцияналдық міндеті туралы көмек көрсетілді.  

Сондай-ақ, өзекті мәселелер талқыланып, қала аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды одан әрі жетілдіру және бақылау жөнінде ұсынымдар айтылды.

Отырыс нәтижесінде терроризмге қарсы комиссия мүшелері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру мақсатында мемлекетті органдар арасында іс-қимылын күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 

Материал Маңғыстау облысы ҰҚКД ТҚО бөлімінің ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/990324?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді