Безгек туралы не білеміз?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Безгек – plasmodium тұқымдасының паразиттері тудыратын, безгек ауыруының жалғыз тасымалдаушысы болып табылатын Anopheles тұқымдастығының масалары шағу арқылы адамдарға берілетін жұқпалы ауру.

Безгектің белгілері – қызба, бас ауруы және қалтырау – әдетте жұқтырған масаның шағуынан 10-15 күн өткен соң пайда болады.

Емдеу болмаған жағдайда, асқынулардың дамуына, кейбір жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.

Безгектің тасымалдаушысы-масалар, ағысы баяу тоғандарда, су қоймаларында,  өзеннің ескі арналарында өсіп, көбейеді. Азияның тропикалық елдеріне, Африка, Латын Америкаға туристік сапарға белсенді шығу, инфекцияның пайда болу қауіпін жоғарлатады, сонымен қатар, біздің еліміздегі климаттық жағдайлар масалардың өмір сүруіне ешқандай кедергі келтірмейді. Бір сөзбен айтқанда, безгектің сырттан әкеліну жағдайларының пайда болу қаупі жоққа шығарылмайды.

Эндемиялық елдерге барғанда безгек бойынша не білу керек?

  • Туристік сапарға шығатын елді таңдағанда, туристік фирмалардан безгекті жұқтыру қаупінің болуы туралы ақпарат алу қажет;
  • Безгек бойынша қолайсыз елге келгенге дейін 1-2 апта бұрын, оралғаннан кейін 4-6 апта ішінде дәрілік препаратты қабылдау ұсынылады;
  • Елде болу кезінде дененің ашық жерлеріне репелленттерді (масаларды үркітетін құралдар) жағып, сондай-ақ олармен киімді сіңдіру қажет;
  • Безгек жұқпасы бойынша қолайсыз елден оралғаннан кейін 3 жыл ішінде кез келген дене қызуы көтерілген жағдайда, безгекке тексерілу үшін тез арада медициналық ұйымға қаралып, дәрігерге хабарлауды ұмытпаған жөн

Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/990373?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді