
24-30 сәуір аралығында Сыр елінде театр майталмандары арасында өткен дүбірлі дода аяқталды.
Айтулы шара Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына арналды.
Қызылорда облысы әкімдігінің, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өткен шараға Румыния, Грузия, Қырғызстан мемлекеттерімен қатар еліміздің маңдай алды театрлары бақ сынады.
6 күн бойы сырбойылық көрермендер түрлі жанрдағы, ең үздік қойылымдарды тамашалады.
Әділ бағасын беріп, төрелігін айтқан қазылар алқасы 11 қойылымды саралап, кәсіби тұрғыда өз бағаларын берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-cultura-arhiv/press/news/details/990901?lang=kk
Жауап қалдыру