Ұлы Отан соғысы жеңісінің 80 жылдығына және Тауқаратұрық ауылының құрылғанына 60 жыл мерейтойы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы  Отан соғысы жеңісінің 80 жылдығына және Тауқаратұрық ауылының құрылғанына 60 жыл мерейтойы орай “Таусүгір қой совхозының” құрылыуына өз үлестерін қосқан азаматтар туралы кітап баспаға шығып, ескерткіш орнатылды. 7 мамыр 2025 жылы ауылдың мерейтойы аудан көлемінде аталып өтті.  Мерейтойдың ашылу салтанаты ескерткіштің ашылуымен басталды. Ата-бабалардың ерлігі мен батырлығын дәріптеу  және  тарихи тұлғаларды ұлықтау мақсатында ескерткіш орнатылды. Ескерткішке Ұлы Отан соғысына қатысқан Таусүгір ауылының ардагерлеріне және “Таусүгір қой совхозының” құрылыуына өз үлестерін қосқан 1964-1974 жылдары еңбек еткен еңбек ардагерінің есімдері жазылды. Мерейтойдың ұйымдастырылуына және ескерткіштің орнатылуына үлес қосқан ауыл азаматтары, ірі кәсіпкерлеріміз және ардагерлердің әулеттері демеушілік көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-enbekshikazah/press/news/details/991594?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді